Ақтөбеде оттық үшін танысының басын кесіп, тоңазытқышқа салған адам сотталды
Фото: Orda.kz
Хромтау ауданында жуынатын бөлмеде бөтелкелесін ас үй пышағымен бұтарлап, басы мен денесін тоңазытқышқа сақтап қойғандарға үкім шықты. Екі сотталушының бірі қылмыс жасаған, екіншісі жасырып қалғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқа билердің қатысуымен ауыр қылмыстық оқиғаға үкім шығарды. Ішімдік ішіп отырып, оттық таппай жанжалдасқандардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмды. Сотталушы қылмысын жасыру мақсатында денені бөлшектеген. Қапшыққа салынған аяқ-қолын карьерге лақтырып, бөлшектенген басы мен денесін иіс шықпас үшін тоңазытқышқа салған.
Істе екі сотталушы бар. Константин Панаскин Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Михаил Лукин Қылмыстық кодекстің 439 бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуі де жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
«Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сүйенсек, Лукин мен Панаскин психикалық ауруға шалдыққан. Ішімдікке тәуелді. Панаскин мен Лукин ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделіп, психиатрдың қарауына алынады», - деді судья.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2024 жылдың 25 қыркүйек күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болды. Жанжал бірге ішімдік ішіп, кейін араздасқандар арасында ушықты. Панаскин танысы Михаил Лукиннің үйіне барған. Сол жерде ортақ таныстары Денис Кузменко да бар. Бірге ішімдік ішкен. Оттықтың табылмай қалуы жанжалға себеп болған. Бір-бірінен көріп, сөзге келген. Панаскин сөзді көтере алмай, қорлады деп санайды. Сол сәтте Кузменконы бірнеше рет жұдырығымен ұрып, ас үй пышағын ішіне сұғып алады. Кейін оқиға орнында көз жұмған танысының денесін жасыру үшін жуынатын бөлмеде бөлшектеген. Полиция тоңазытқыштан кесілген адамның басы мен денесін тапты. Аяқ-қолын карьерге апарып тастаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық