Ақтөбеде өгей атасынан жүкті болған қыздың ісі бойынша сот шешімі шықты
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған 64 жастағы Ойыл ауданы орталығының тұрғынына қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, Ойыл ауданында мектепте сабақ кезінде 14 жастағы оқушы қыз іші ауырғанын айтып жылаған. Артынша оның жүкті екені және толғақ қысып жатқаны белгілі болды. Оқушы босанған күнге дейін оның жүктілігін ешкім білмеген. Тек ауруханада ғана дәрігерлер оның жүкті екенін анықтаған.
Тергеу барысында сәбидің әкесі 64 жастағы зейнеткер екені белгілі болды. Ол жас ананың туған әжесіне үйленген өгей атасы болып шықты. Сот отырысы жабық режимде өтті. 3 ақпанда сотталушыға үкім шығып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Журналистердің айтуынша, зейнеткер үкімді ерекше сабырмен тыңдаған.
«ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, сондай-ақ ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін. Баптардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза ретінде 21 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын», – деп оқыды үкімді судья Алтынбек Сабыров.
Оқи отырыңыз:
- 15 жастағы қызды жүкті қылған 71 жастағы туысының ісін жылы жапқан полицейлер тексерілуде
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
- Жамбылда 68 жастағы ер адам немересін зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық