Ақтөбеде мүгедек болып қалған қызметкер сотта жеңіске жетті
Фото: Pexels
Ақтөбеде шахтадағы төтенше жағдайға AltaiMiningGroup ЖШС 80% кінәлі деп танылды.
Бұл туралы Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе қаласының сотына қызметкер жұмыс берушіден келтірілген моральдық залалды өтеу үшін 5 миллион теңге өндіру туралы арызбен жүгінді. Іс материалдарынан анықталғандай, арызданушы 2022 жылдан бері шахтада бригадир болып жұмыс істеген. Ауысымда жұмыс істеп жатқан кезде оның үстіне тас құлап, есінен танып қалған. Жазатайым оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, ота жасалып, ІІІ топтағы мүгедектік тағайындалды. Өндіріске байланысты жазатайым оқиға туралы актіде жұмыс берушінің кінәсі 80% және талапкердің еңбекке қабілеттілігін 50% жоғалтқаны белгіленді» деп хабарлады Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот арызданушының денсаулығына келтірілген залалды назарға алып, алған жарақатының ауырлығын, жоғалған денсаулығын қалпына келтіру бойынша алдағы операциялық және оңалту курстарын ескере отырып, зардап шегушінің талабын толығымен қолдады.
«Арызданушының пайдасына жұмыс берушіден 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді» деп толықтырды сот.
Аталған жұмыс беруші компания «AltaiMiningGroup» ЖШС.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық