Ақтөбеде мектеп төбесінен су ағып, жүзден аса оқулық жарамсыз болып қалды
Фото: Orda.kz/ Ардақ Ерубаева
Ақтөбе қаласындағы №74 мектептің төбесінен су ағып, қабырғалары сыз болған. Кітапханадағы 100-ден астам оқулыққа су тиіп, жарамсыз болып қалды, деп жазады Orda.kz.
Қазір оқушылар төбесінен су тамшылаған оқу кабинеттерінде партаны құрғақ жерге жылжытып отыруға мәжбүр.
Ақтөбе қаласындағы Рауан тұрғын алабындағы №74 мектепте 580 бала оқиды. Мектеп пандемия кезінде пайдалануға берілді. Ата-аналардың айтуынша, жаңбыр жауса мектеп төбесінен су ағып кету проблемасы сол кезден бар. Жылдар бойы мәселе шешілмеген.
«Екінші қабаттағы оқу кабинеттерінің бәрінен су ағып тұр. Балаларға обал. Парталарын құрғақ жерге жылжытып оқиды. Мектептің екінші қабаты түгелдей су болып жатыр. Акт залының төбесі тесік. Асханаға дейін су тамшылап тұр. Кітапханадағы кітаптарға обал болды. Оқулықтар, әдеби кітаптар жарамсыз болып қалды. 100-ден аса кітап пайдаға аспай қалды», – деді аталмыш мектептің ата-анасы.
Ақтөбе қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне қауіп жоқ деп сендірді.
«Ауа райының жылынуы мен жауын-шашын әсерінен №74 мектеп ғимаратының шатырынан су аққан. Қазіргі уақытта аталған мәселені жою мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Мектеп әкімшілігі бұл мәселені тез арада шешу үшін тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне қауіп жоқ», – деді Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық