Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірді деген күдікпен 10 жасөспірім ұсталды
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысындағы 9-сынып оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс енді «Адам өлтіру» бабымен тергелетін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде жариялады. Аяжан Сыдықова әділдік орнап, қылмыстық істің бабы өзгертілгені туралы жазған. Оның мәліметінше, енді қылмыстық іс бойынша 10 оқушы қамауға алынды. Бұған дейін Қопа ауылындағы оқушы өліміне қатысты іс Қылмыстық Кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабымен қозғалған еді. Қайғылы оқиғадан кейін үш оқушы күдікті ретінде танылып, қамауға алынған.
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында болған. 14 жастағы Нұржан Сыдықовты бір топ мектеп оқушылары соққыға жығып, өлтірген.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық істің бабы өзгергенін, күдіктілердің саны артқанын растады.
«Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. 10 күдікті қамауға алынды. Тағы екі адамның тұрғылықты мекен-жайы анықталып жатыр», деп мәлімдеді облыстық ПД өкілдері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық