Ақтөбеде мектеп оқушысы жүрек талмасынан қайтыс болды
Фото: envato
Ақтөбеде 9-сынып оқушысы кеше кешкісін дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілді. Кейін оның жүрек талмасынан көз жұмғаны белгілі болды. 15 жастағы жасөспірім бұған дейін денсаулығына байланысты еш жерде тіркеуде болмаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 27 мамыр күні сағат 19:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Ембі қаласында тіркелген. 2010 жылы туған жасөспірім нағашы ата-әжесінің қолында тұрған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқушы «Горилла» энергетикалық сусынын ішкен болуы мүмкін. Алайда бұл болжамды ресми органдар растаған жоқ. Аудандық білім бөлімі жасөспірімнің денсаулығына байланысты ешқандай есепте тұрмағанын хабарлады.
«9-сынып оқушысы нағашы ата-әжесімен бірге тұрған. Анасы тұрмыста. Денсаулығына байланысты еш жерде есепте болмаған. Кешке дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілді. Кейін жүрек талмасынан қайтыс болды», – деді Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бақраман Аманжол.
Жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілгеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды.
«15 жастағы науқас 27 мамыр күні сағат 19:30 шамасында Ембі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түсті. Дене қызуының көтерілгеніне, құсу мен іш өтуге шағымданған. Сағат 22:00-де жағдайының нашарлауына байланысты санитарлық авиация арқылы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандарынан кеңес алынды. Көрсетілген емге қарамастан науқас көз жұмды. Өлімнен кейінгі диагноз – менингит», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық полиция департаменті нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, Қазақстанда мәжбүрлі некеге және алып қашуға қатысты жаза күшейтілді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық