Ақтөбеде мектеп оқушылары қаза болған жол апатына қатысты сот басталды
Ақтөбеде балаларды пәндік олимпиадаға апарып, жол апатына ұшыраған жүргізушіге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының айыптау алқасында 26 жастағы Ырғыз ауданындағы Темірастау орта мектебінің мұғалімі Жандос Шамшадин отыр.
Ол 2023 жылдың 19 желтоқсанында бес оқушыны «Toyota Alphard» маркалы шағын автобуспен Ырғыз қаласында өтетін пәндік олимпиадаға алып бара жатқан. Көлікте тағы бір мұғалім болған. Облыс орталығы олар шыққан Жаныс би ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан. Алайда, межелі жерге жетпей жатып оқыс оқиға болды. Toyota Alphard жүргізушісі Жандос Шамшадин қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жандос Шамшадин жол жүру ережесін бұзып, үш адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасын жасады, бұл жол қозғалысы ережесінің төртінші бөлімнің 345-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық», - деген айыптау актісін прокурор Асланбек Ибрашев оқыды.
Сот отырысына қаза болған балалардың туыстары мен жүргізуші келді. 19 желтоқсанда Самара-Шымкент жолында болған жантүршігерлік жол апатында 15 және 16 жастағы екі мектеп оқушысы қаза тапты, олардың арасында жүргізушінің 25 жастағы туған қарындасы, география пәнінің мұғалімі де бар. Балар мінген көлікті полиция алып жүрмеген.
Апатқа ұшыраған көлікте барлығы бес бала мен екі ересек адам болған. Үш оқушы мен жүргізуші аман қалды. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша айып тағылуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық