Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген депутаттың ісі сотқа түсті
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова «Lexus» автокөлігін ішімдік ішіп айдағаны белгілі болды.
Депутатқа қатысты іс сотқа түсті. Қалалық мәслихат хатшысы екі апта өтсе де заң бұзған әріптестеріне қатысты ешқандай шара қолданбай отыр.
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Сәния Мұратова полицияға ұсталды. Жол ережесін бұзған «Lexus» автокөлігін тоқтатқан полиция қызметкері жүргізушіден ішімдік иісі шығып тұрғанын байқайды. Сараптама қорытындысы 53 жастағы депутаттың ішімдік ішкенін растады.
Оқиға екі апта бұрын 5 қыркүйек күні тіркелген. Депутатқа қатысты Әкімшілік Кодекстің екі бірдей бабымен хаттама толтырылған.
«С.Бәйішев көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 53 жастағы әйелдің басқаруындағы «Lexus» автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғаны байқалды. Жүргізілген сараптама нәтижесі оның мас екенін көрсетті.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу ережелерін бұзу) және ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (көлік құралын мас күйінде жүргізу) бойынша хаттама толтырылып, материал жиналды және заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілетін болады»,- деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Әкімшілік Кодекстің аталмыш баптарына сүйенсек, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру көзделген.
Бұл жағдайға қатысты қалалық мәслихат ешқандай шара қабылдамаған болып шықты.
«Естідім, полициядан ресми ақпарат алмадым. Этика бойынша комиссияда қарау үшін ресми құжат керек»,- деді қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова.
Ал бұл уақытта сот кобинетінде Мұратова Сәния Бұлқайырқызына қатысты істің сотқа түскені анық көрсетілген.
Сәния Мұратова 2021 жылдан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты және «Life Style» – фитнес-центрінің директоры. Ашық дерек көздерінде депутаттың екі баласы, бес немересі бары жазылған.
Ол әртүрлі жылдары Ақтөбе қаласы әкімдігінен, «Nur Otan» партиясы атынан және Н.Ә.Назарбаев Алғыс хатын алған.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды