Ақтөбеде қызғалдақ жұлған ауыл әкімін полиция тексереді
Фото: Instagram/problema.aktobe
Ақтөбе облысында Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева полиция назарына ілікті. Ауылдастарының арасында онлайн әкім атанған қызметкер жұлынған қызғалдақпен суретке түсіп, желіге салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваның қандай қызғалдақ жұлғаны қаралады. Ауыл әкімінің бір уыс гүлмен түскен суреті Ақтөбедегі парақшалардың бірінде жарияланды. Онда парақша әкімшісі «заң бойынша тыйым салынған емес па? Шара қолдану сұралады» деп жазған.
Полиция желіге жүктелген суретке пікір білдірді.
«Ақпарат тексеріледі және құқықтық баға беріледі. Табиғатты қорғау инспекциямен суреттегі гүлдің Қызыл кітапқа енгені немесе басқа екені анықталады», деп жауап берді облыстық ПД.
Ал ауыл әкімінің өзі гүлдің күні кеше жұлынғанын мойындады. «Жұлуға болмайтынын білмедім» деп ақталды.
«Күні кеше түскен сурет. Демалыста балалармен далаға серуенге шықтық. Қандыағашқа қарай Жұрынның қасында трассаның бойында болдық. Балаларым жұлып әкеп берді. Естелікке суретке түстім. WhatsApp статусына салдым. Гүлді танымайды екенмін. Мен оны жұлуға болмайтынын білген жоқпын. Басқа жақта Қызыл кітапқа енген гүлді жұлуға болмайтынын білемін. Елдің бәрі жұлып жатты. Ойымда ештеңе жоқ. Әйтпесе, міне, мен жұлдым, міне, суретке түстім деп нем бар», — деді Ләззат Бердібаева.
Ауыл әкімі желіге жиі шығатын шенділердің бірі. Осыған дейін жерлестері «онлайн әкім» деп сынады. Айтуларынша, оқуға жиі барады, ауылда көп болмайды.
Ләззат Бердібаева — 2024 жылдың 13 ақпанынан бастап Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі. Округке Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдары қарайды. Онда 722 адам тұрады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық