Ақтөбеде көпқабатты үйдің балконынан студенттің денесі табылды
Ақтөбедегі Жұбанов университетінде білім алып жүрген 1 курс студентінің денесі табылды.
20 жастағы бозбаланың не үшін өлімге барғаны белгісіз.
Оқиға 25 қараша күні болған. Студенттің денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Марқұм Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетіне биыл түскен. Мәртөк ауданының тумасы. Марқұм тұрған жатақхананың алдында сауалнама жасадық. Қайғылы хабарды студенттердің бірі естіген, екіншісі бейхабар. Жатақхана коменданты студенттердің демалыс күндері үйлеріне баратынын айтып, оқиғаға пікір білдіруден бас тартты.
Ал оқу орны марқұм студенттің оқу үлгерімі өте жақсы деген мінездеме береді.
“Қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде университет студентінің бірі өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бұл - университет ұжымы үшін үлкен қайғы. Жақындары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазір оқиға бойынша полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Университет тергеуге толық көмек көрсетеді. Ол белсенді студенттердің бірі болды, сабақта озат, құрдастарына сыйлы болатын. Оқуы мен тәртібіне қатысты шағым болған емес. Бірінші семестр бойынша сабақтарын үздік аяқтап, қорытынды экзамендерге жолдама алған. Біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз”,- деді Жұбанов университетінің баспасөз қызметінен Әсел Бақберген.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлайды.
“25 қараша күні Жұбанов көшесіндегі көпқабатты үйдің 9 - қабатының балконында қабатта адамның асылып тұрғаны туралы хабарлама түсті. 20 жастағы жігіт Мәртөк ауданының тумасы. Қалтасынан ұялы телефоны, құжаты болған. Хат табылмады. Жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды. Себептері анықталуда”,- деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық