Ақтөбеде ірі есірткі арнасы жойылды
Ақтөбеде 57 келі есірткі тасылмадаған ер адам ұсталды.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Полиция қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, көлік тұрағында жүргізілген жедел іс-шара барысында Toyota Alphard көлігін тізгіндеген ақтөбелік тұрғынды ұстады. Көлікті тінту кезінде жүк салғышынан өсімдік тектес зат бар алты қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат – салмағы 57 келіден асатын «марихуана болып шықты» деп хабарлады ведомство.
Тәртіп сақшылары түсіндіргендей, «одан әрі мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және ұсталған азаматтың қылмыстық байланысын тексеру барысында қызметтік иттің көмегімен екінші Ақтөбе тұрғыны анықталып, оның гараж шұңқырын тексеру кезінде өсімдік тектес заттар салынған екі қаптама табылып, тәркіленді.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 20 келіге жуық «марихуана» есірткі заты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 77 келіден асады, бұл 115 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Жиналған айғақтардың жиынтығы бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандарды үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр» деп қосты полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық