Ақтөбеде ерлі-зайыптыларды қағып өлтірген полицейдің үстінен іс қозғалды
Жол апаты оқиғасы биылғы жылдың шілде айында болған. Үш және төрт жасар екі бала ата-анасыз қалды. Қайтыс болған Шыңғыс пен Динара небары 25 жаста еді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Полиция майорына екі бап бойынша айып тағылып отыр. «Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін мас күйде бұзу» - оған сәйкес полиция майорын 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Сондай-ақ «жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Жүргізуші Азамат Орынбекұлы Симанов, 1990 ж.т., көлік құралын алкогольге мас кезінде басқаруға Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерімен тыйым салынғанын біле тұра, масаң күйде сағатына 121 шақырымнан астам жылдамдықпен жүріп, велосипедпен келе жатқан Кенжебай Шыңғыс пен Несіпбаева Динара Бақытбекқызын көлікпен қағып кеткен», - деді мемлекеттік айыптауды оқыған Ақтөбе прокуратурасының аға прокуроры Сәкен Бертілеуов.
Тергеу анықтағандай, сол бір қайғылы түні жас жұбайлар туыстарына қонаққа келген. Түнгі сағат бірге таяу олар велосипедке мініп, көрші ықшамаудандағы үйлеріне қарай бет алған. Жолда оларды Kia көлігімен 34 жастағы мас полицей қағып кеткен. Онымен қоймай, тоқтамастан көлікпен жол апаты болған жерден кетіп қалған. Полицеймен бірге көлік ішінде оның ұлы болғаны белгілі болды.
Марқұмдардың мәйіттері түнде табылды. Олардың туыстары, егер дер кезінде көмек келсе, ерлі-зайыптыларды аман алып қалуға болатын еді, өйткені апат орнынан 100 метр жерде жедел жәрдем станциясы бар еді дейді. Келесі отырыс 3 желтоқсанға жоспарланған. Процеске қатысушылар түсініктеме беруден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық