Ақтөбеде дәрігердің мүрдесін мұздатқышта сақтаған мейіргерге прокурор 20 жыл сұрады
Фото: Orda.kz
Ақтөбедегі облыстық сотта 69 жастағы дәрігер Айсағалиевті жаншошырлық жауыздықпен өлтірген 31 жастағы күдіктіге қатысты іс қаралып жатыр. Күдікті дәрігерді өлтіріп қана қоймай қаражатын қолды қылған. Бұл жолы сот отырысында жарыссөз өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Нефролог дәрігер Абай Айсағалиев 69 жаста кісі қолынан мерт болды. Танымал дәрігердің өліміне танысы, әріптесі 31 жастағы мейіргер Нұрсұлтан Шаймерденов күдікті ретінде танылды.
Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралып жатыр.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» 99-бап 2-бөлік 8-тармағы, «ұрлық» 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша айыпталды.
Тараптар бүгін сот жарыссөзіне қатысты. Жарыссөз екі бөліктен тұрды. Жаза сұрау бөлігіне алқабилер қатыстырылған жоқ.
Прокурор түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жазасын өтеу орны ретінде қауіпсіздігі орташа түзету мекемесін белгілеуді ұсынды.
«Ол төрт рет пышақтаған, пышақты суырмаған. Жәбірленуші пышақты өз кеудесінен өзі суырып, сотталушыға қарай еңбектеген. Шаймерденов өз сөзінде сол күнде еміс-еміс білетінін айтты. Алайда пышақтаған соң, пәтер ішінде еденді жуып, жәбірленушінің басына дорба кигізді. Қан ізін білдірмеу үшін аяқ-қолын байлаған, мұздатқышқа салып, денені ары-бері тасыған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша Айсағалиев көп қан жоғалтқаннан, оң жақ кеудесіндегі кесіп, тесілген жарақаттан көз жұмғаны жазылған. Оң жақ өкпесі мен жүрегі зақымданған. Бас жарақатын алған. Денесі 7 рет кесіп, тесілген және соққы жарақатын алған», — деді прокурор Гүлзира Көшербаева жарыссөзде.
Сотта жәбірленуші банктен ақша шешу кезінде киген силикон бетперде көрсетілді. Сотталушы қарт адамның бетпердесін Pinduoduo сайтынан алған.
Прокурор силикон бетперденің жәбірленуші Айсағалиге өте ұқсас екенін фотомен салыстыру арқылы көрсетті.
Сотталушы бетперде киіп, Айсағалиевтің шотынан бөліп-бөліп 5 268 000 теңге алған. Телефон, планшет және өзге де дүниелерді қосқанда жалпы шығын — 7 234 860 теңге.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2025 жылдың 24 мамыр күні түнде болған. Туыстары марқұммен байланыса алмай, 29 мамыр күні жергілікті парақшаларға іздеу жариялайды. Туыстары марқұм тұрған үйді ТЖД мамандарының көмегімен ашады, таппайды. Сотталушы Айсағалиевтің телефон нөмірінен іздеген әріптестеріне хабарласып, күдік туғызбауға тырысып, науқастанып қалғанын хабарлаған.
Белгілі болғандай, сотталушы 5 жыл бойы жәбірленуші Айсағалиевпен бірге жұмыс істеген. Оның жалғыз тұратынын біледі. Банкте қомақты қаржы бар екенін біліп, сеніміне кіреді.
Марқұмның туыстарының айтуынша, дене мұздатқышта бір апта тұрған. Сотталушы марқұмның денесін қала ішінде картонмен қапталған скочталған мұздатқышқа салып, тасығаны айтылды.
Сотталушы тағылған айыпты мойындады, өкінетінін айтты. «Қасақана жасамадым» деп ақталды.
Сотталушының анасы ұлының қылмыскер емес екенін айтты. Ұлының соңғы 2 жылда бөлек тұратынын, азаматтық некедегі әйелінің жүкті екенін, қасақана қылмыс жасамағанын қайталады.
Осыған дейін нефролог дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты айыптау актісін жаздық. Айыптауда марқұмның басына дорба кигізіп, денені мұздатқышқа сақтап, ақшасы ұрлағаны айтылды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық