Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзі асылып өлген ер адамның бұрын үлгілі отбасы болғаны айтылды
Фото: instagram / zello.poisk
Қала сыртынан өлі табылған ерлі-зайыптылардың бұрын өте тату, үлгілі отбасы болғанын көршілері айтып отыр. Қайғылы жағдайға қызғаныш себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Orda.kz тілшісі оқиға болған өңірге барып қайтты.
Бүгін Ақтөбедегі 41-разъезд ауданында орналасқан отбасының зәулім коттеджіне жақындары мен таныстары келіп, көңіл айтып жатыр. Туыстары пікір білдіруден бас тартты. Суық хабарды ести сала ер адамның әкесі талып, анасы ауыр халге түскені айтылды.
Бейресми дерекке сәйкес, қайғылы оқиғаға қызғаныш түрткі болуы мүмкін. Сол күні ерлі-зайыптылар үйден бірге шыққан.
Көршілердің сөзінше, олар көпбалалы, тәртіпті, ешкіммен арасы бұзылмаған өнегелі отбасы болған.
«Бұл жақта бұрыннан тұрады. Бұрын жамандықтарын естіген емеспіз. Тату-тәтті болатын. Үлгілі отбасы еді. 15-16 жыл бірге тұрады. Балаларының кішісі бір жастан асқан, үлкендері мектепте оқиды», – дейді көршісі.
Ерлі-зайыптылардың мектепте де үлгілі ата-ана болғаны айтылды. Мектеп директорының айтуынша, балалардың атасы мектепке жиі келіп, немерелерін сабаққа апарып, үйірмелерге жеткізіп жүрген. Балалар сабақтан қалмайды, өте белсенді. Қайғылы жағдай бүкіл мектеп ұжымын есеңгіреткен.
«Бұл — көпбалалы, үлкен әулет. Бес баласы бар. Төрт бала біздің мектепте оқиды – 10, 6, 4 және 2-сыныптарда. Үлгерімі өте жақсы, сабақты үздік оқиды. Өте тәрбиелі, мәдениетті балалар. Ата-аналары да өнегелі, үнемі жиналыстарға қатысып отырады. Кеше әлеуметтік желіден олардың іздестіріліп жатқанын көрдік. Өзіміз де алаңдап, тілеулес болдық. Мектепке ешқашан шағымданбаған, балалары да тәртіп бұзған емес. Не себеп болғанын түсіне алмай отырмыз», – деді Ақтөбе орта мектебінің директоры Ғазиз Қаламов.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасуда. Бұған дейін ерлі-зайыптылардың денесі қала маңынан табылғаны хабарланған.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық