Ақтөбеде 39 мұғалім жалған сертификатпен үстемақы алып отырған
Фото: Envato
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мұғалімдердің өтірігін әшкереледі. Темір ауданында 39 мұғалім жалған сертификат тапсырып, мемлекеттен артық ақша алып отырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Аудиттік тексеріс кезінде Темір ауданының білім бөлімі жалпы сомасы 86 млн теңгені талан-тараж қылғаны анықталды.
«Мұғалімдер алған сертификат жүйеде расталмады. Нәтижесінде 86 млн теңгеден аса үстемақы заңсыз төленіп келген. Аудиттік тексеріс барысында оның 15,6 млн теңгесі бюджетке қайтарылды», – деді Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов.
Темір аудандық білім бөліміне жасалған аудит тексерісі кезінде іссапар шығындарының да артық есептелгені белгілі болды. Сонымен қатар, 2023 жылғы есеп бойынша 314 мың теңге сыйақы артық төленген. Оның ішінде «Еркем-ай» балабақшасы 63,7 мың теңге, «Балдырған» балабақшасы 124,3 мың теңге, «Айгөлек» балабакшасы 126,4 мың тенгені артық алған.
Аудит департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі күні 46,8 млн теңге бюджетке қайтарылды.
Қалған ақша сот процесі барысында түгенделеді.
Жіберілген кемшіліктерге қатысты 17 жауапты қызметкер әкімшілік жауапқа тартылды, айыппұл төледі.
Ақтөбе облысының білім басқармасы мұғалімдердің біліктілік санатын алу үшін тапсырған сертификаттары жалған болғанын растады.
«Қазіргі таңда осы 39 педагогтің 20-сы бюджетке артық төленген қаражатты кері қайтарды. Қалған 19 педагогке қаражатты қайтару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», деп мәлімдеді Ақтөбе облысының білім басқармасы.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық