Ақтөбеде 19 жасар жігіт 10 жылға қамалды
Фото: freepik.com
Ақтөбеде 19 жасар жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Диапазон» басылымының хабарлауынша, есірткі таратпас бұрын жас жігіт өзінің жұмыс берушісіне жеке куәлігінің көшірмесін, психоневрологиялық және наркодиспансерден алынған анықтамалары мен фотосуретін жіберіпті.
Артынша жасырып кеткен 25 бума психотроптық мефедронды алып кетіп, басқа орындарға таратуды жоспарлаған. Алайда, полиция қызметкерлері оны «Ақтөбе-1 – Жіңішке» станциялары арасындағы теміржол жолда ұстады. Жеке тінту кезінде одан 3 грамнан астам есірткі табылды.
Айыпталушы сотта кінәсін ішінара мойындады. Ол мефедронды өзіне сатып алғанын, ал ұсталмас бұрын 18 буманы қолданғанын айтты. Қызығы, ол телеграмдағы әңгімелесушісіне қаладағы әртүрлі жерлерден түсірілген 18 сурет жіберіпті. Алайда айыпталушы суреттерде есірткі жасырған жерлер көрсетілмегенін және есірткі таратпағанын айтты.
Сот айыпталушының шынымен де есірткіні жасырын орындар арқылы заңсыз таратқанын анықтап, жігітке 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл