Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігіт сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе соты кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 19 жастағы жігітке үкім шығарды. 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушының «жыныстық қатынас өзара келісіммен болды» деген уәжі дәлелденген жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағы бір аса ауыр бап бойынша үкім шықты.
15 жастағы қызды зорлау оқиғасы 2024 жылдың қыркүйек айында болған.
«Сотталушының жыныстық қатынас өзара келісіммен болды, оның жасын білген жоқпын» деген уәжі дәлелін тапқан жоқ.
Себебі жәбірленуші жауабында қатынас еркінен тыс болғанын, қарсылық көрсетуге шамасы келмегенін айтқан.
Сот ҚР ҚК 120 бабы 3-1 бөлігі 1 тармағымен айыпталған сотталушының кінәсі дәлелденді деп есептейді.
Ол «Зорлау» бабы бойынша жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық қатынасқа түскен. Сот талқылауы жабық режимде өтті. Орда тілшісі үкім оқылған қарар бөлігіне қатысты.
«Данияр Маханов ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 3-1 бөлігінің 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған балаларды оқыту және тәрбиелеуге қатысты қызметпен айналысу құқынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін»,- деп оқыды үкімді судья Нұрлан Бақтығалиев.
Қосымша жаза ретінде Махановтан жәбірленушінің пайдасына 1 млн теңге моральдық зиян және мемлекет пайдасына 1966 теңге мемлекеттік баж өндіру міндеттелді.
Сонымен қатар сотталушы мемлекет пайдасына 1 258 180 теңге процестік шығынды төлеуі тиіс.
Сотталушы 2005 жылы 13 тамызда Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Бұрын сотталмаған.
Сотталушының қорғаушысы сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық