Ақтөбеде 1,3 мрд теңгенің веложолын заңсыз бастаған шенеунік сотталды
Фото: gov.kz
Ақтөбе қаласындағы веложолақ құрылысына қатысты конкурс жобалық-сметалық құжатсыз басталған. Атқарылмаған жұмысқа ақша аударылды. Экс-шенеунікке үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған Жанболат Құсмұхамбетов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе соты экс-шендіні «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» бабымен кінәлі деп таныды.
«Жанболат Құсмұхамбетов Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4 бөлігі 3 тармағымен айыпты деп талынып, мемлекеттік қызметте, қаржылық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Әлиева.
Сотталушы Ж.Құсмұхамбетов 42 жаста. Үйленген, төрт баласы бар. Ол 2021 жылы Ақтөбе қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметінде болды. Сол кезде «Clobal Construction Development» ЖШС арасыда 1 327 872 000 мың теңгеге келісімшарт жасалған.
«Ақтөбе қаласында веложолдарды жайластыру» бойынша конкурс жарияланды. Бірақ тексеріс кезінде веложол салу бойынша жобалық-сметалық құжат болмай шыққан. Сонымен қатар 665 млн теңгенің жұмысы атқарылды деп ақша аударылған. Бірақ аудиттік тексеріс кезінде 34 млн теңгеден аса қаржының жұмысы орындалмағаны белгілі болды. Актіге қол қойылып, жұмыс қабылданған.
Экс-шенді кінәлі деп танылды. Бірақ сотқа үш бірдей қорғаушымен қатысқан сотталушы тағылған айыпқа келіскен жоқ. Апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.
«Ол келісімшарт жасаған, бітті. Кейін ол қызметтен шығарып жіберген. Келісімшартқа қол қойғанымен, бірде-бір ақша менің қорғауымдағы адамның қолымен аударылмаған. Міндетін атқарушы кезінде келісімшартқа ғана қол қойған. Одан кейін бөлімде 4 басшы болды. Негізі келісімшарт жасалады, мәслихат шешімімен ақша кезең-кезеңімен аударылады. Тергеу жобалық-сметалық құжаты болмаған жоба болған соң неге келісімшартқа отырады деп тұр», - деді сотталушының адвокаты Бауыржан Иманов.
Сот Ақтөбе облысының әкіміне өрескел бұзушылыққа назар аударып, қолданған шара туралы сотқа хабарлау туралы жеке қаулы шығарды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық