Ақтөбеде 108 киік бірін-бірі таптап өлтірді – инспекция
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарасты Қайрақты өзенінен инспекторлар 108 киіктің өлексесін шығарды. Инспекция киіктің неден қырылуы мүмкін екенін топшылап көрді, де хабарлайды Orda.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі аумақтық инспекциясының Ақтөбе облысы бойынша басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, киіктер 12-13 қыркүйек күндері қырылған болуы мүмкін. Инспекция өзенде қалқыған өлекселерді әлеуметтік желіден көрген. Кейін шұғыл шара қабылдағанын хабарлады. Желіде ауыл тұрғындары өзенде киіктердің қараусыз қырылып жатқанын көрсеткен еді.
«Өзеннен 108 бас киіктің өлексесі шығарылды. Оның ішінде 60 басы аталық. Ветеринария мамандары сол жерге барды. Залалсыздандыру жұмыстары жүрді. Арнайы орында жойылды. Неден болған дегенге келсек, сол жерден 10 мың бас киік өткен. Қазір судың азаюына байланысты өткелдерде қамыс, екінші басы жар содан өте алмай қалған. Қазіргі болжам осындай», — деді Әуелбаев.
Экология департаменті оқиға орнынан сынама алу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесі қосымша хабарлайтындарын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық