Ақтөбе соты Асқар Ақтілеуге қатысты әкімшілік сотты тоқтатты
«Жала жабу» бабымен айыпталған журналист Асқар Ақтілеудің әкімшілік құқық бұзушылық жасамағаны туралы сот қаулысы шықты.
15 қаңтар күні Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлзира Ақмолдина журналистке қатысты әкімшілік істің ұйғарымын шығарды.
«Асқар Ақтілеуге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы негізінде қозғалған іс құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын» деді судья Гүлзира Ақмолдина.
Сот қаулысына келіспейтін тарап көшірме алған уақыттан бастап, он күн ішінде шағым түсіре алады.
Айта кетейік, ақтөбелік журналист Асқар Ақтілеуді Ырғыз ауданындағы гимназия директоры Гүлжайнар Нұрманова өзіне жала жапты деп айыптаған еді. Арызданушы тарап білім саласы қызметкерінің ар-намысы мен іскерлік беделін төмендеткенін алға тартып, қоғам белсендісіне қатысты дереу шара қолдануды, қатаң жазалауды сұраған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық