Ақтөбе полициясына мас күйінде көлік айдаған депутатты сотқа күштеп әкелу міндеттелді
Әкімшілік сот ұйғарымы бойынша мас күйінде «Lexus» көлігін айдаған ақтөбелік депутатты сотқа күштеп әкелу полицияға жүктелді.
«Аманат» партиясының мүшесі Сәния Мұратоваға қатысты дау депутаттық мандатты тапсырумен ғана шектелмейді.
5 қыркүйек күні жол ережесін бұзып, Әкімшілік Кодекстің екі бірдей бабымен жауапқа тартылған депутатқа қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ.
Сот кабинетінен Сәния Мұратоваға қатысты алғашқы сот отырысы онлайн түрде WhatsApp қосымшасы арқылы 2023 жылдың 21 қыркүйегі сағат 11:50 уақытына тағайындалғаны белгілі болды. Депутат бұл сот отырысына қосылмаған, себебін түсіндірмеген және кейiнге қалдыру туралы өтiнiш те жазбаған.
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының екі бірдей судьясы екі әкімшілік баппен жауапқа тартылған Сәния Мұратоваға қатысты істі қарайды.
«Сотқа 12 қыркүйек күні ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы бойынша және 20 қыркүйекте ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша екі материал түскені хабарланды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша екі ісі қаралуда», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Осыған дейін Ақтөбе қалалық мәслихаттың депутаты мас күйінде көлік жүргізгенін жазған болатынбыз. Депутат арада екі апта өткеннен кейін ғана мандатынан бас тарту туралы өз еркімен арыз жазды.
Айта кетейік, Сәния Мұратова 2021 жылдан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты. Оған қатысты 5 қыркүйекте «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу ережелерін бұзу» және «Көлік құралын мас күйінде жүргізу» бойынша полиция хаттама толтырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық