Ақтөбе полицейлері бейімдеу орталығынан қашып кеткен қыздарды тапты
Сурет: Атөбе ПД
Қашып кеткен 17 жастағы қыздар жалдамалы пәтерден табылды.
Олар қазір полиция бөлімінде. Қыздардың «Аяла» орталығынан қашуға не себеп болғаны әлі нақтыланған жоқ.
Олардың қашып кеткені бір күн бұрын белгілі болды. 8 желтоқсанда шамамен сағат 23:40-та олар рұқсатсыз, тіпті сырт киімдерін де алмай, әлеуметтік бейімдеу орталығынан шығып кеткен.
Естеріңізге салсақ, Ақтөбедегі «Аяла» әлеуметтік бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі туралы ақпаратты волонтерлер таратты. Айтуларынша, 2006 жылы туған қыздар сырт киімсіз қашып кеткен.
05.06.2006 жылы туған Мырзакенова Манара Абайқызы, 2006 жылы туған Тезекбаева Әмина және 06.10.2006 жылы туған Досжанова Жұлдызай жоғалып кетті.
«Олар 8 желтоқсан күні сағат 23:40 шамасында «Аяла» орталығынан қашып кетті, әлі күнге дейін қайтып келген жоқ. Оар туралы ақпарат болса, 8-707-881-20-98 нөміріне жазыңыз немесе хабарласыңыз» делінген болатын хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық