Ақтөбе – Орынбор тас жолында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысында полиция республикалық маңызы бар Ақтөбе – Орынбор автожолында, Қурайлы ауылының маңында болған жол апаты бойынша тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай, кеше, 25 қаңтар күні шамамен сағат 17:00-де болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбеден Мәртөк ауылы бағытына бет алған Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Solaris көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Honda көлігі бағытын өзгертіп, қарсы келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігіне соғылған.
Апат салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам — Honda Odyssey көлігінің жолаушысы мен ВАЗ-2110 көлігінің бір жолаушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық