Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Жер телімін заңсыз сатты деген күдікке ілінген Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі және СПК Ақтөбе басқармасының төрағасы Ермек Имантаев сот үкімін тыңдады.
Сондай-ақ одан мемлекет кірісіне 199,5 миллион теңгеге жуық қаржы өндірілді.
«Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтейтін орын ретінде орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі тағайындалсын» деген үкімді судья Теміржан Алданов оқыды.
Облыстың экс-әкімі осы жылдың ақпан айында қамауға алынған болатын. Оған аса ірі көлемде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ұрлады деген айып тағылды. Атап айтқанда, ол «Ақтөбе СПК» АҚ басқарма төрағасы бола тұра, «Садовое» тұрғын алабындағы 24 гектар жер учаскесінің құнын төмендетіп, заңсыз 20 миллион теңгеге сатып жіберген. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Оның жанұясы апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Сотталушы 28 қыркүйектен күні бүгінге дейін жариялаған аштық акциясына байланысты денсаулық жағдайы нашарлағандықтан, сот үкімін тергеу изоляторынан онлайн тыңдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық