Ақтөбе облысындағы Қойбағар көлінде балық қырылды
Фото: Pixabay
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылындағы Қойбағар көлінде балық қырылды. Балық шаруашылығы инспекторлары оқиға орнында сынама алып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қойбағар көлінде балық өліп жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындар көлдің бетіне қалқып шыққан балықты көрсетті.
Оқиға орнына бүгін Тобыл-Торғай облысаралық бассейндегі балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері барды. Инспекторлар Қойбағар көлінің өзегінен 70 келі өлі балық тапты. Өзек тереңдігі -1,8 метр бетіндегі мұздың қалыңдығы -35 см. Өлген балықтар Қойбағар көлінен Ащыкөлге ағатын өзегінен шыққан.
«Оқиға орнына жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бардық. Қарадық.Көл маңынан 70 келі балық шықты. Көлден және балықтан сынама алынды. Балықтың өлу себебі сынама нәтижесі арқылы анықталады. Айта кетейін, бұл көл балық шаруашылығы маңызы бар су айдыны тізімінде жоқ. 2024 жылы көктемде су тасқынынан кейін пайда болған көл. Сол жердің атымен аталып жүр. Балық көлдің өзекшесінен шыққан», – деді Тобыл-Торғай облысаралық бассейндегі балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Береке Тағаев.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық