Ақтөбе облысындағы Қанай ауылымен байланыс үзілді
Фото: Видеодан кадр
Қобда ауданында Тұманшы өзені арнасынан асып, тасыды. Салдарынан 12 үйі бар Қанай ауылына баратын жолды су шайып, қатынас үзілді, деп жазады Orda.kz.
Бүгін Ақтөбе облысының тағы бір ауданы тасқын су астында қалды. Қобда ауданында Тұманшы өзені тасып, ауылға кіреберістегі жергілікті маңызы бар жолды шайып кетті.
«Қазір қажетті техника мен жұмыс күші бар. Қап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, моторлы қайық та қолданылуда. Су деңгейі төмендеген соң көлік қатынасы қайта қалпына келеді. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қоры жеткілікті, кезекшілік ұйымдастырылған», деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігі.
Қанай ауылында 12 үй бар. Ауылға апаратын жолдың ұзындығы – 3 шақырым, ал су шайған бөліктің ұзындығы – 6 метр.
Бұған дейін Ақтөбе облысының Ойыл ауданында да уақытша өткелді су шайғаны хабарланған еді. Екі күннен бері Ойыл тұрғындары өзеннен қайықпен өтіп жүр.
«Қазір облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Қазгидрометтің мәліметінше, өзендердегі мұз ери бастады. Ойыл ауылының кіреберісіндегі уақытша өткелді су шайып өтті. Құтқарушылар өзеннен 348 адамды, оның ішінде 49 баланы өткізді. Тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан жоқ. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», деп хабарлады облыстық ТЖД.
Авторы: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық