Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
Фото: Pixabay
Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай 7 желтоқсанда шамамен 08:40-та Самара – Шымкент республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі Самара – Шымкент автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай жүріп келе жатып, Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында рөлге ие бола алмай, автобусты аударып алған. Автобус салонында 49 Өзбекстан азаматы болған.
Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмып, 11 адам түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық