Ақтөбе облысында жоғалған баланың денесі табылды
Фото: gov.kz
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
«Үздіксіз іздестіру шаралары нәтижесінде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған Жетіру Кәрімнің денесі Елек өзенінен «Киіз үй» мейрамханасы аумағында табылды» делінген полиция хабарламасында.
Жоғалған баланы іздеу жұмыстары 4 күнге созылды.
Баланы іздеуге 500-ге жуық адам қатысты, оның ішінде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер мен 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшқышсыз ұшақтар пайдаланылды. Сондай-ақ үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз шұңқырлары тексерілді.
«Полицейлер тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті қайтыс болған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін 13 жастағы баланың 4 маусым күні жоғалып кеткені хабарланған болатын. Атасы мен әжесіне қонаққа барған ол жеке үйдің ауласынан шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген. Баланың аутизммен ауырғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
- Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін: Ақы төлеген жолаушыларға ақшасы қайтарылады
- ҚР ІІМ: Жағдай тұрақты, сайлау учаскелері тәулік бойы күзетіледі
- Қазақстан да бар: Сот 75 ел азаматтарына АҚШ визасын беруге салынған тыйымды жойды
- Найзағай ойнап, бұршақ жаңбыр жауады: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы
- «Құрылтай сайлауы LIVE»: Жаңа бірпалаталы Парламентке дауыс беру
- Гандидің 600-ден астам қолжазба хаты аукционда рекордтық бағаға сатылды
- Алматыдағы MEGA сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
- Павлодарда ломбард қызметкері 16 млн болатын жұрттың алтын бұйымдарын казиноға тігіп жіберген
- Ерекше ұрлық: Атырауда жедел жәрдем көлігінде сөйлей алмай жатқан адамның заттарын көзінше алып кеткен
- «Қазатомөнеркәсіп» Қытай мен Ресейге уран сату бойынша екі ірі мәміле жасайды
- Ақтөбеде әлем чемпионы атанған жас балуанға көлік сыйға тартылды