Ақтөбе облысында полицей жанып жатқан үйден бір отбасын аман алып шықты
Фото: көрнекілік үшін
Ақтөбе облысында 1 наурыз күні таңертең Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Әділ-Қахар Қадіров өртеніп жатқан үйден көршілерін аман алып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айтуларынша, ер адам жұмысқа бара жатып, көрші үйден түтін шыққанын көрген. Полицей еш ойланбастан сол үйге барып, ішке кіріп, ғимараттың жанып жатқанын көреді.
«Әділ-Қаһар үй иесін айғайлап оятып, кәмелетке толмаған үш баланы бірінен соң бірін көтеріп сыртқа шығарды. Ол ең кіші бес жасар баланы көтеріп бара жатқан кезде есін жоғалтып, құлап қалған» дейді полициядағылар.

Осы уақытта оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, оған үйден шығуға көмектескен.
«Полицей улану салдарынан ауруханаға жатқызылды. Қазір ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ» деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, көлігін біреудің атына рәсімдеуді талап еткен
- Қытайда Tesla Model Y өртеніп кетті: Li Auto жүргізушісі көлік иесін ажалдан арашалап қалды
- ҰҚК шекарашылары бір айда заң бұзған бес мыңнан астам адамды ұстады
- Мбаппенің рекордтық дублі Францияға жеңісті жұлып әперді
- 6 шілде – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні: Қазақстанның тұңғыш президентінің өмір жолы
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлау күнтізбесін бекітті
- 10 мыңнан астам сайлау учаскесі: ОСК Құрылтай сайлауына жеті партияны жіберді
- Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымы жетекшілерін қабылдады
- Түрген өзенінде су деңгейі көтеріліп, туристер эвакуацияланды
- Алматыда жертөледен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды
- «Көлік 3 минуттан кейін келеді»: Қазақстан жолдарында адам өмірін арашалап қалған такси жүргізушілерінің шынайы оқиғалары
- Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
- Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті
- АҚШ Қазақстанға тағы 37 миллиард доллар инвестиция салмақшы
- Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды
- Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды
- Оқушылар Конституцияны оқиды: Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енді
- Қазақстанда әуетакси мен дрондарды пайдалануға арналған заңнамалық негіз қалыптасты
- Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесін қарастырады
- 200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған ота» жасалған