Ақтөбе облысында мектеп оқушысы қорада өзіне қол жұмсады
Фото: Instagram / Togyzortamektebi
Ақтөбе облысында оқушы өзіне қол жұмсады. Өлім себептері анықталып жатыр, тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға болған күні 10- сынып оқушысы өзін жайсыз сезінетінін айтып сабаққа бармаған. Анасы «ботаны байлап кіремін» деген баланың денесін тапты. Бұл жағдай 17 қаңтар күні Шалқар ауданы Шілікті ауылында болды. Мектептің 10-сынып оқушысы кешке өзіне қол жұмсады. Қоштасу хаты табылмаған.
Ауыл мектебінде бірнеше рет буллинг, зорлық – зомбылықтың алдын алу тақырыбында семинар өткен. Бірақ Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы оқиғаға буллингтің қатысы жоқ деп сендірді.
«Толық отбасы. Әкесі теміржолда істейді, анасы мектепте мұғалім. Оқиға кешкілік уақытта үйінде болған. Буллинг анықталмады. Қорадан анасы тапты. Ол анасымен бірге мал саууға шыққан, ботаны байлап кірем деген. Анасы шай дайындап, баласы келмеген соң далаға шыққанда оның денесін тапқан. Сол күні көңіл-күйі жақсы болды дейді. Ірі денелі бала», - деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башанов.
Жасөспірімнің отбасында төрт ағайынды болған. Марқұм үйдің кенжесі екен. Спортқа қатысады. Сыныпта белсенді оқушылардың бірі болғаны айтылады.Шалқар аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ақтөбедегі облыстық білім басқармасы оқушының желідегі парақшасына да талдама жүргізген.
«Оқушы өз-өзіне қол жұмсау арқылы қайтыс болды. Білім басқармасы жанынан шұғыл әрекет ету жұмыс тобы құрылып, зерделеу жүргізілді. Мектеп әкімшілігінен, мұғалімдерден, достарынан ақпарат жинақталды. Оқушының әлеуметтік желілердегі белсенділігі талданды. Білім беру мекемесіндегі қауіп-қатер факторлары, яғни зорлық-зомбылық зерделенді. Нәтижесінде буллинг анықталған жоқ. Басқа оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында психологиялық қолдау шаралары әлі жалғасуда», деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасы.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады