Ақтөбе облысында аяздан жүк көліктерінің дизель отыны қатып қалды
Ақтөбе облысында ұйытқыған бұрқасын мен боран желдің орнын аяз басты. Өңірде синоптиктер ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Әйтеке би ауданындағы Самара-Шымкент тас жолында аяз салдарынан дизельдік жанармай қатып қалған жүк көліктері бірінен соң бірі тоқтап қалып жатыр. Ондаған көлік кептелісі пайда болды. Тек тас жолдың 965-1025-шақырымына дейінгі учаскеде 20-ға жуық жүк көлігі тұр. Жүргізушілер көліктерді газбен жылытуға тырысқанымен бұл өте қауіпті.
Дегенмен «ҚазАвтоЖол» жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы, кейбірінің басқа көліктердің жолын жауып, қарсы қозғалыс жолағына түсуі салдарынан кептеліс болып жатқанын хабарлайды.
«Ұқсас жағдай Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасындағы аумақта тұрақты түрде орын алып, бірнеше күнге созылуда. Жүргізушілер белгіленген ережелерді елемей, басып озу үшін қарсы жолаққа шығады. Ақпанның 15-інен 16-сына қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл аумақта көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Салдарынан жүргізушілер 2-3 қатар түзіп, көліктерін жол бойында қалдырған. Бұл көлік қозғалысын бөгеп, жол қозғалысы қатысушыларының барлығына қосымша қиындықтар туғызды» деп хабарлады ведомство.
Сол түні синоптиктердің болжамымен Ақтөбе облысында аяз минус 28 градусқа дейін төмендейді деген хабарламаны ескермей жолға шыққан адамдардың барлығы дерлік жолда қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық