Актер Айбек Байназаровты даулы мәлімдемесі үшін жазалауға бола ма: Заңгер түсіндіреді
Актер Айбек Байназаров мас кезінде пойыз купесінде бірге келе жатқан бейтаныс қызға тиіскенін мақтанышпен айтып берді. «Шәй әңгіме» подкастының жүргізушілері бұл оқиғаны оң қабылдап, әзілге айналдырды. Қоғамдық сын күшейген соң, шығарылым арнадан өшірілді. Orda.kz тілшісі адвокаттан осы үшін қандай жаза болуы мүмкін деген сұраққа жауап сұрадық.
Әзілкеш Айбек Байназаров подкастта пойызда болған оқиғаны айтып, мас кезінде ұйықтап жатқан, мүлде танымайтын қызды сүймек болғанын, ал оның қарсылық көрсеткенін күліп отырып, әзілмен жеткізді. Бұл сөздер әлеуметтік желілерде қатты сынға ұшырады. Ол подкастта былай деген:
«Купеге кіргенде міндетті түрде жас қыз отырады. Бастапқыда сен періште сияқтысың, ал кейін мас болғанда жаман ойлар пайда болады. Біз заттарымызды жайғастырып досыммен вагон-ресторанға бардық, іштік. Купеге қайтып келіп, жоғарғы орындыққа шықтым да, оған қарап отырдым. Ай сәулесімен ол алмадай көрінді. Жарты сағат бойы оған қарап отырдым. Содан кейін төмен түсіп, үнсіз оның мойнына жақындадым. Ол да ұйықтамай жатқан сияқты, «болмайды» дегенді ыммен білдірді. Мен дереу жаттым да, бәлкім, мен де оған ұнаған шығармын, ол келісуі мүмкін еді деп ойладым», – дейді актер.
Қоғам пікірі екіге жарылды: бірі мұны күлкілі емес, қорқынышты жағдай деп бағаласа, енді бірі студияда мұндай әңгімеге қалайша күлетіндерін түсінбей отыр. Алайда заң тұрғысынан қарағанда, екінші адамның нақты келісімінсіз жасалған кез келген жыныстық сипаттағы әрекет әзіл емес, қылмыстық құқықбұзушылық болуы мүмкін.
«Егер іс ауыр бапқа жетпесе де, мұндай әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 123-бабы бойынша саралануы ықтимал. Бұл бап жыныстық қатынасқа немесе өзге де жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеуді қамтиды және ол үшін физикалық күш қолдану міндетті емес — қысым көрсету, қорқыту немесе тәуелді жағдайды пайдалану жеткілікті», - деді Гүлмира Бабажанова.
Сондықтан келісімсіз сүймек болу әрекеті де осы бап аясында бағалануы мүмкін. Қоғамда жеке шекара мен келісім мәселесі талқыланып жатқан тұста, бұл оқиға кең талқылауға себеп болды.
«Егер қыз арыз жазған жағдайда әзілкешке үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деді Бабажанова.
Бұл оқиға жеке келісім мен жеке шекараның маңызды екенін тағы бір рет еске салады.
Еске салар болсақ, адвокат Гүлмира Бабажанова осы оқиғаға ұқсас Қарасай ауданындағы кәмелеттік жасқа жетпеген қызға жасалған азғындық туралы айтып берген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық