Ақтаудағы «Жаралы сезім»: Жас жігіт жоғары лауазымды полицейдің қызы үшін 15 жылға сотталды
Фото: жеке мұрағатынан
Ақтау қаласының 21 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған адамды зорлағаны үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталған жігіттің ата-анасы оның 17 жастағы қызбен кездесіп жүргенін және оған үйленбек болғанын айтады. Алайда бұл іске жәбірленушінің ықпалды отбасы араласқан. Жасөспірімнің жоғары лауазымды полицейдің қызы екені анықталды.
2025 жылдың ақпан айының басында Маңғыстау облысының ауданаралық қылмыстық соты 21 жастағы Елнұр Ендірбаевқа үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («зорлау») бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот жабық режимде өтті. Істің егжей-тегжейін Orda.kz тілшісіне сотталушының отбасы баяндады.
Ендірбаевқа зорлаудың екі эпизоды бойынша айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, екі жағдай да көлік салонында болған. Сот барысында жәбірленуші жігіттің оны күшпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін, еркінен тыс шешіндіргенін және әлеуметтік желілерде компромат жариялаймын деп қорқытқанын айтты.
Жәбірленушінің анасы олардың хат-хабарларын көріп, қызымен сөйлескеннен кейін полицияға арыз берген. Кейіннен Ендірбаев ұсталып, көлігі тәркіленді.
Тергеу барысында сотталушы мен оның отбасы Елнұр мен жәбірленуші қыздың екі жыл бойы романтикалық қарым-қатынаста болғанын дәлелдеуге тырысты. Сотта олар бірге түскен фотоларды, хат-хабарларды және бейнежазбаларды көрсетті.
«Біз шілде айында ұлымызды үйлендіреміз деп дайындалып жүргенбіз. Мамыр айының соңында Елнұр А.-ға (жәбірленушінің есімі өзгертілген — Orda.kz) үйленгісі келетінін айтып, бұл туралы анасына хабарлауын сұраған. Алайда қыз кенеттен олар енді кездеспейтінін және оқуын жалғастыратынын айтты. Ұлым абыржып, маған қыздың жауабын жеткізді», – деді сотталған жігіттің анасы Зылиха Оразбаева.
Оның айтуынша, Елнұр қарым-қатынастың осылай аяқталу себебін сұраған, бірақ қыз оны қайталамауды талап етіп, қоңырауларға жауап бермей қойған.
«Кейін ұлыма қыздың анасы хабарлама жазды: «Сен менің қызыма жолаушы болма. Мен қызымды сен сияқтыға бермеймін. Сен оның тырнағына да татымайсың». Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері ұлымның жұмысына келіп, оны бөлімшеге алып кетті. Ол жерде кешкі алтыға дейін ұстады. Басында ешқандай шағым болмаған. Кейіннен қыздың әкесінің нұсқауымен Елнұрдан жауап алынған», – дейді Зылиха Оразбаева.
Оразбаеваның айтуынша, жәбірленушінің әкесі Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы. Orda.kz анықтағандай, қазіргі уақытта бұл лауазымды Жангелді Жарымбетов атқарады.
Orda.kz бұл жағдайға қатысты ПД-дан түсініктеме сұраған. Алайда полиция өкілдері іс сот қарауына жіберілгендіктен, пікір білдіре алмайтындарын айтты.
Облыстық соттың мәліметінше, қорғаушы тарап бірінші инстанцияның үкіміне шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы 12 наурызға белгіленген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық