«Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін»: елімізде көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орган құрылады
Фото: Orda.kz
Елімізде көлік оқиғаларын тергеумен айналысатын жаңа орган құрылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев үкімет отырысында айтты. Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін авиациялық әкімшілік әуе кәсіпорындарын тексеріп жатыр.
«Авиациялық оқиғаларды тергеу мәселесіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш Қазақстанда 51%-ға тең. ИКАО қауіпсіздік бағалауы үшін маңызды 8 критикалық көрсеткіштің бірі болып саналатын бұл параметр ең төменгі деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты, ахуалды жақсарту мақсатында, жыл соңына дейін жоғары білікті мамандарды тарта отырып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген Көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарланып отыр», - деді вице-министр.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы статистиканы айтты. Елімізде ішкі авиатасымалдауды 56 бағыт бойынша алты авиакомпания орындайды екен. 2024 жылы маршруттар саны 10% - ға өскен. Ұшу жүйелілігі 75 % болады. Қазақстандық авиакомпаниялар жыл сайын шамамен 10-15 жаңа заманауи ұшақ сатып алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық