Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан тергеудің соңғы кезеңіне келді
Фото: Orda.kz
AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer-190 ұшағы апатын тергеу әлі аяқталған жоқ. 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе кемесіне қатысты тергеу есебі биыл жылдың соңына дейін немесе келер жылдың басында жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тергеудің екі бөлікке бөлінетінін еске салды. Қылмыстық құрамға қатысты бөлігін Бас прокуратура қарап жатыр, ал әуе апатының техникалық себептерін Көлік министрлігі зерттеп жатыр.
«Көлік министрлігі тергеудің соңғы кезеңіне келді. Қазір лицензия иелері мен технологияны әзірлеушілерден, аэронавигациялық құралдарға қатысты соңғы қорытындыларды күтіп отырмыз. Есеп биыл немесе келесі жылдың басында шығуы мүмкін. Ал Бас прокуратура жүргізіп жатқан бөлік бойынша да алға жылжу бар. Көрші елдердің басшыларының түрлі мәлімдемелерін де көрдіңіздер. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыс та келесі жылы аяқталады деп үміттенеміз», – деді вице-премьер журналистерге.
Еске салайық, Embraer-190 ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау портының маңында құлаған. Бортта 67 адам болған, олардың 38-і көз жұмды. Қайтыс болғандар арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Бұл қайғылы оқиға Әзірбайжан мен Ресей арасындағы шиеленісті күшейтті, себебі әуе кемесінің Ресей әуе кеңістігінде зақым алғаны айтылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық