Ақтаудағы AZAL ұшағының апаты: тергеу қашан аяқталады?
Фото: Orda.kz
AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer-190 ұшағының апатын тергеу әлі аяқталған жоқ. Үкіметте өткен брифингте көлік вице-министрі Максат Қалиақпаров комиссия жұмысының қазіргі барысы туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистер: «тергеу жыл соңына дейін аяқтала ма?» деп сұрағанда, ол тергеу жалғасып жатқанын және күрделі сараптамаларды қамтитынын жеткізді.
«Үш айдан кейін алғашқы алдын ала қорытындылар толық көлемде ұсынылды. Қазір тереңдетілген тергеу жүріп жатыр. Онда өте күрделі сараптамалар мен ауқымды жұмыс бар. Тергеу аяқталған соң, алдыңғы есеп сияқты, толықтай БАҚ-қа ұсынылады. Мерзім бойынша қазір нақты айта алмаймыз. Бұл — өте маңызды мәселе, сондықтан нақты уақытын айту қиын. Бірақ жыл қорытындысы бойынша ақпарат береміз», — деді Қалиақпаров.
Еске салайық, Embraer-190 ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау портының маңында құлаған. Бортта 67 адам болған, олардың 38-і көз жұмды. Қайтыс болғандардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар.
Бұл қайғылы оқиға Әзірбайжан мен Ресей арасындағы шиеленісті күшейтті, себебі әуе кемесінің Ресей әуе кеңістігінде зақым алғаны айтылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық