Ақтаудағы әуе апаты: Ресей қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлемеді
Фото: Orda.kz
Қанат Бозымбаев Ресей Ақтауда апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағында көз жұмған қазақстандықтардың туыстарына өтемақы төлемегенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Брифингте журналистер:
«Ақтаудаға AZAL ұшағында қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына Әзірбайжан немесе Ресей тарапынан өтемақы төленді ме?», — деп сұрады.
Бозымбаевтың айтуынша, Ресей тарапынан ешқандай қаржылай көмек көрсетілмеген. Ал Әзірбайжан белгілі бір қолдау білдірген екен.
«Ресей өтемақы төлемеді. Ал Әзірбайжан тарапынан Ақтауға арнайы кәсіпкер келіп, марқұмдардың туыстарын жинап, әрқайсысына пәтер алып берді. Сондай-ақ, белгілі бір компания атынан қаржылай өтемақы да төленуі тиіс болатын. Егер ресми сауал жолдасаңыздар, нақты ақпарат беруге дайынбыз», — деді вице-премьер.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Embraer E-190 ұшағы Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатып, Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды. Әзірбайжан әуелден-ақ билігі Ресей зымыраны соққысынан зақым келді деп есептеген еді.
Ал 1 шілдеде Әзірбайжан БАҚ өкілдері ресей капитаны Дмитрий Паладичуктың түсіндірме жазбасын жариялады. Құжатқа қарасақ, 2024 жылдың желтоқсанында ол Грозныйға жасалған дрон шабуылы кезінде әуе нысанын жою туралы бұйрық берген. Олар бұл әңгіме Бакуден Грозныйға ұшқан AZAL ұшағы туралы болды деп топшылап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық