Ақтаудағы апат: Құтқарушылардың шұғыл әрекеті
Фото:Бейнеден кадр
Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде оқиға орнына алғашқылардың бірі болып төтенше жағдайлар министірлігінің мамандары жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, уақытында медициналық мекемеге жеткізді. Батылдық танытқандардың бірі – апаттық медицина орталығы бригадасының жүргізуші-санитары Қожабек Аллабергенов, ол жедел әрекет етіп, зардап шеккендерді ауруханаға дер кезінде жеткізді.
"Түтінді көре сала, көлігімнің жылдамдығын қосып, барынша тез жетуге тырыстым. Апат орнына бірінші болып жетіп, дәрігеріммен бірге көмек көрсетуге кірістік. Фельдшер сыртқа шығарылған адамдарға көмектесуді жалғастырды. Орындыққа қысылып қалған әйелді дәрігер екеуміз шығарып алдық. Кейін дәрігер іште балалар немесе жүкті әйелдер болуы мүмкін екенін айтып, соларға көмектесуге кетті. Сол сәтте өрт сөндірушілер де келіп, біз бірге зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жөнелттік," – деп еске алды Қожабек Аллабергенов.
Бұл жағдай құтқарушылар мен дәрігерлердің төтенше жағдайларда жылдам әрі үйлесімді әрекет етуінің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Жедел әрекеттер қайғылы жағдайдың салдарын азайтып, көптеген өмірді сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық