Ақтауда зорланған мүгедек жігіт: анасы тың деректі айтты
Фото: Видеодан кадр
Ақтауда зорланған 18 жастағы жігіттің анасы оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Еске салайық, бұған дейін мүгедектігі бар 18 жастағы жігітті белгісіз ер адам зорлап кеткенін хабарлаған едік.
Жәбірленушінің анасы баласының туғаннан бастап ақыл-есінде кемістігі барын айтты. Ерекше қажеттігі бар жігіт болған оқиға туралы анасына айтып берген. Ол анасына белгісіз ер адам теңіз маңына алып барғанын айтқан. Жігіт досымен кездесуге шыққан екен. Бірақ белгісіз ер адам оны көлігіне қинап отырғызып, зорлаған. Одан соң далаға тастап, қашып кеткен. Жігіт үйге жылап келген.
«Көліктің артына салып, есікті кілттеп алып, «шалбарыңды шеш» деген. Содан соң ол кісі шалбарын, белдігін шешіп дайындап, көліктің ішінде баламды зорлаған. «Айқайлай бердім, көмек сұрағым келді, мамама айтып беремін» дегенде, «менің әйелім жоқ, бала-шағам жоқ, енді сені зорлаудан басқа амалым жоқ» деген. Ұлым «менің екі жерім ауырып тұр» деп келді», – деді жәбірленушінің анасы Оразгүл Қонысова.
Жалғызбасты ана Оразгүл Қонысова тергеу жұмыстарына көңілі толмайды. Полицейлер «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерттеліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр. Видеожазбалар жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды», деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық