Ақтауда ұшақ апаты: марқұм бортсеріктің әкесі кінәлілерге өлім жазасын талап етті
Фото: modern.az
Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағында қайтыс болған бортсерік Хёкума Алиеваның әкесі ұшақтың апатқа ұшырауына себепші болғандарға өлім жазасын талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
modern.az мәліметінше, Хёкума Алиеваның әкесі Джалил Алиев ұшақты атып түсіргендерге ең ауыр жаза қолданғанын қалайды.
«Үкімет қажетті барлық шараларды қолданар, егер мені сотқа шақырса, мен ең жоғары жаза талап етемін. Мені әлі күнге олар неге біздің ұшақты атып түсірді деген сұрақ мазалайды. Кез келген ата-ана өз баласы үшін өмірін беруге дайын. Мен жауапты адамдарға өлім жазасы кесілгенін қалаймын», - деді мерт болған бортсеріктің әкесі.
Сонымен қатар, Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақта Хёкума Алиева мен бірге ұшқыштар Игорь Кшнякин мен Александр Кальянинов та мерт болды. Оларға «Әзірбайжан ұлтының қаһарманы» атағы берілді.
Күні кеше ғана Қазақстанның көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты алдын ала тергеудің есебін жариялады.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады