Ақтауда «полицей болып» ойнап, көлік тексергендердің ісі сотқа берілді
Бейнежазбадан скриншот
Ақтауда тұрғындарына полиция формасына ұқсас киім киіп, әлеуметтік желіде таратқандары үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтауда екі жас жігіт полиция қызметкерлерінің формасын киіп және арнайы белгілерді пайдаланып, көшеде «құқық бұзушыларды ұстаған». Осы әрекеттері үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазды жергілікті басылым «Лада».
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Толқын-1 ықшамауданы аумағында, Meta School жекеменшік мектебінің маңында түсірілген бейнеролик анықталған. Кадрларда екі жас жігіт полиция формасына ұқсас киімдер мен арнайы белгілерді пайдаланып, өзінше «құқық бұзушыларды ұстағандай» әрекет жасаған. Бейнежазба 21 қаңтар күні шамамен сағат 17:40-та түсірілген.
Аталған дерек бойынша жастарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабының 1-бөлігі (айырым белгілері және (немесе) әскери форма символикасы бар киімді, сондай-ақ формалық киім мен арнайы нысанды заңсыз кию (пайдалану)) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл құқық бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, формалық киім немесе ерекше белгілері бар киім тәркіленеді.
Іс материалдары соттың қарауына жіберілетін болды.
Еске салсақ, Шымкенттегі жолға таласып, кісі өлтіру оқиғасына қатысты тағы үш күдікті ұсталды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық