Ақтауда өткен «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасына қатысты дау шықты
Фото: gov.kz
Ақтауда «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасы өтті. Алайда барлық өлеңдердің қазыларға жетпегені жайлы желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жайлы редактор, ақын Асылан Қуанышұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады. Оның сөзінше, ұйымдастырушылар шығармаларды қазылар көрмей тұрып, өз беттерінше іріктеу жүргізген. Ол соның салдарынан талантты ақынның туындысы бағаланбағанын айтты.
Асылан Қуанышұлының айтуынша, байқау қорытындысында жүлдегерлер мен қазылар алқасы туралы еш күмән жоқ. Жеңімпаздар – талантты ақындар, ал қазылар – өз ісіне адал, беделді әдебиет өкілдері. Оның сөзінше, түйткіл – мүшәйраға түскен өлеңдерді алдын ала іріктеп алған ұйымдастырушыларда.
«Кейін білдім, жарысқа қатысқан ақындарға көпе-көрнеу қиянат жасаған екен. Бұған қазылар алқасының немесе жүлдегерлердің қатысы жоқ. Жүлдегерлер — талантты ақындар, қазылар да барынша әділ бағалаған. Сонда жас таланттың жолын кескен кім? Ұйымдастырушылар! Қазылар алқасы он бес-ақ қатысушының өлеңдерін бағалаған. Ал оны ұйымдастырушылар іріктеген. Мүшәйраның шартында «байқау екі кезеңнен тұрады» және «бірінші кезеңде он бес ақынның өлеңін іріктеп аламыз» деген бір ауыз сөз жоқ», — деді Асылан Қуанышұлы.
«Қай өлең қазыларға жетіп, қай өлең жолда жоғалады? Іріктеуді кімдер жүргізді? Олар кәсіби әдебиетші ме? Қандай талаппен саралады?» деген сұрақтарға ақын нақты жауап беруді талап етеді.
«Ұйымдастырушылар дін істері басқармасының тапсырысын дұрыс атқарып шыққанына сенімді болса, мүшәйраға неше өлең келіп түскенін және нешеуі не үшін өтпей қалғанын нақты айтып берсін. Бұған қоса, он бес өлеңді осында жариялап, жұрттың көзінше талдап-таразылап берсін. Ол сарапшылар үшін не уақыт алатын, не жан қинайтын шаруа емес. Өйткені бұған дейін сараптап, хаттап қойған, жариялай салса болғаны. Ал бұған жауап бере алмай ма, ұйымдастырушылар біріншіден мойнына алған міндетті дұрыс атқара алмағаны үшін, екіншіден, жас таланттың жолын кескені үшін, бастысы, әділ болмағаны үшін жұрт алдында кешірім сұрасын!», — деді Асылан Қуанышұлы.
Бұл жазбаға Маңғыстау облысының дін істері басқармасының өкілі Інжу Тұрарова қазылардың кім екенін айта отырып, жауап жазды. Ол ұйымның 15 ақынды ұсынғанын айтқан:
«Жобаның техникалық ерекшілігіне сәйкес, 15 ақынның қатысуымен шара ұйымдастыру керек. Қазылар алқасына жобаны ұйымдастырушы ұйым бірінші 15 қатысушының жолдаған өлендерін ұсынған. Ережеге сәйкес, мүшәйраға кем түскен өлендердің авторы көрсетілмей, қазылар алқасына ұсынылды. Жобаны ұйымдастырушы ұйымның әрекеттері ережеге және техникалық спецификацияға қайшы келмейді.Осы ретте, мүшәйра техникалық ерекшелікке және ережеге сәйкес жүргізілді», — деді Інжу Тұрарова.

Алайда байқау ережесінде 15 ақынның ғана қатысатыны жайлы сөз болмаған.

Еске сала кетсек, Атырау облысында тұрғындар зираттарды қиратып кеткендерді жазалауды талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық