Ақтауда командирдің үстінен қозғалған іс тоқтатылды
Фото: Ашық дереккөзден
Ақтауда командирдің өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қозғалған іс тоқтатылды. Қос тарап татуласуға келісті, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«2023 жылдың тамыз айында Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде взвод командирінің мерзімді әскери қызметшілерге қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі анықталды. Тергеу шаралары жүргізілді. Ақтөбе гарнизоны Әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуы бойынша іс тоқтатылды» делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының әскери қызметі және әскери қызметшілерінің мәртебесі туралы» заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес, «сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін құқық бұзушылық жасаған әскери қызметші теріс себептер бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан шығарылады».
«Құқық бұзушылықтың алдын алу, әскердегі қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу мәселелері қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында. Олардың барлық көріністері бойынша құқықтық және тәртіптік шаралар қолданылады. Айта кетерлігі, қарулы күштердегі мұндай бұзушылықтар оқшауланған. Бұл ретте бірде-бір іс қараусыз қалмайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қудалау органдарына жан-жақты көмек көрсетілуде», - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық