Ақтауда ҚМГ-нің тағы бір еншілес кәсіпорнының мұнайшылары ереуілге шықты
Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «Oil Construction» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
50-ден астам адам қала көшелеріне шығып, 11-12-шағын аудандар арасындағы көлік қозғалысын тоқтатуға тырысты. Әлеуметтік желіде ондаған адамның жаяу жүргіншілер өткелінде тұрып, көлік қозғалысына кедергі келтіргені бейнеленген видео тарады.
Маңғыстау облысының полицейлері ереуілшілер жолды бөгемеген деп отыр. Ведомствоның мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қауіпсіздік күштері қамтамасыз еткен.
Ақтау әкімдігі не болып жатқаны туралы түсіндіруден бас тартты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі Orda.kz сайтының сауалына берген жауабында наразылық білдірген «Oil Construction Company» ЖШС қызметкерлері оларды штатқа алуды талап еткен.
«55 адамды бірден штатқа ауыстыру «Oil Construction Company» ЖШС-де бос жұмыс орындарының болмауына байланысты мүмкін емес. Қызметкерлерді ауыстыру бос жұмыс орындары болған жағдайда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ осы мәселе бойынша 2024 жылдың желтоқсан айында Samruk Bussines Academy аутстаффинг қызметкерлерімен кездесу жоспарланған. Біз өз кезегінде қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға және туындаған мәселелерді сындарлы диалог арқылы шешуге шақырамыз», деп мәлімдеді басшылық.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында тағы бір мұнай сервистік компания – «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» жұмысшыларының ереуілі жалғасуда. Жаңаөзенде 200-ден астам мұнайшы еңбекақыны көтеруді, сондай-ақ, денсаулығынан айырылған зейнеткерлер мен қызметкерлердің балаларын жұмысқа алуды талап етіп, ереуілге шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық