Ақтауда бір топ нашақор зорлап, артынша суицид жасаған фитнес-бапкерге қатысты апелляциялық сот қалай өтті?
Фото: Orda.kz
Бір топ нашақор ұрлап кетіп зорлаған, ақырында суицид жасап қайтыс болған 29 жастағы Алина Серіковаға қатысты апелляциялық сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірінші соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімді жазаға тартылды, бірақ марқұмның отбасы үкім жеткілікті қатал болмады деп есептейді. Алина Серікованың туыстары іс бойынша басты фигурантқа өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етуде. Ал қалған сотталушыларға 15–16 жыл жаза берілуі керек деп санайды. Бүгін жәбірленуші тарап соттан үкімді жариялау кезінде БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсат беруді сұрады, алайда сот алқасы бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Бұған дейін, апелляциялық сот процесі екі рет кейінге шегерілді, бірінші рет айыпталушылардың бірінің адвокаты келмегендіктен, екінші рет айыпталушы қорғаушыдан бас тартты. Бүгін сот отырысы ақыры басталды.


Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамырында Ақтауда бес ер адам Алина Серікованы жұмыстан қайтып келе жатқан кезінде көшеден ұрлап әкеткен. Қызды көлікке салып, түн бойы қалада арлы-берлі жүріп, оған қорлық көрсетіп, артынша зорлаған.
Кейін олар оны онлайн-кредит рәсімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны алып, босатып жіберген. Алайда, басынан өткен жағдайды көтере алмаған Серікова тоғызыншы қабаттан секіріп, көз жұмды. Өлімінен бұрын ол болған оқиға туралы досына және туған ағасына айтып үлгерді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық