Ақтауда әскери қызметші қаза тапты
Фото: Қорғаныс министрлігі
14 қаңтарда бөлім қызметкері Ақтау гарнизонының Оймашы әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған. Көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшартпен қызмет атқаратын кіші сержантты қағып кетті. Жарақат алған әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі қайғылы қазаны растады. Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болыпты.
Алған жарақаттарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қарулы күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Талғар ауданында ер адам азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық