Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтан ресейлік зымыран бөлшектері табылды - Reuters
Ақтау маңындағы апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағы құлаған жерден Ресейдің «Панцирь-C» зениттік жүйесі зымыранының сынықтары табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters агенттігі бұл туралы Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап жазды. Мәліметке сүйенсек, ракетаның бөлшегі ұшақтан шығарылған және оны халықаралық сарапшылар анықтапты.
Айта кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы ресейлік «Панцирь-С» зениттік-зымырандық кешенімен атып түсірілгені туралы Reuters агенттігі тергеу барысымен таныс дереккөздерге сілтеме жасап, апаттың ертесіне-ақ жазған болатын. Алайда, бұл нұсқа ресми түрде расталмаған.
Ал RT мәліметінше, Ресей Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың корпусынан табылған бөгде сынықтар мен бөлшек үлгілерін сараптамаға әлі алмаған.
Сонымен қатар, RT-тің ресейлік авиация саласындағы дереккөзінің сөзінше, кейбір шетелдік БАҚ-тың бұл элементтерді «Панцирь» зениттік-зымыран кешенінің зақымдаушы бөліктері деп тануы «ең болмағанда қосымша зерттеулер мен сараптамаларды қажет етеді». Сондай-ақ, RT Қазақстан үкіметтік комиссиясының алдын ала есебінде бұл элементтердің нақты сәйкестігі жоқ екенін және олардың шығу тегін қосымша зерттеу қажеттілігі көрсетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық