Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ ракета соққысынан құлады ма?
Фото: Orda.kz
Ақтауда 25 желтоқсанда болған әуе апатына қатысты жаңа нұсқалар пайда болуда. Embraer 190 ұшағы Azerbaijan Airlines әуе компаниясы рейсімен Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқанда, зениттік-ракеталық кешен (ЗРК) отына ілінген болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл нұсқаны ресейлік Baza Telegram-арнасы мен бірқатар әскери блогерлер ұсынды, олар аман қалған жолаушылардың куәліктері мен видеоларымен бөлісті.
Арнаның мәліметінше, ұшақ құлағаннан кейінгі видеоларда фюзеляжда оқыс белгілер байқалған.
«Ұшақтың артқы бөлігіндегі тесіктер зениттік-ракеталық кешеннен ұшқан снарядтар қалдыратын зақымдарға ұқсайды» деп жазды арна.
«ВЧК-ОГПУ» Telegram-арнасының деректеріне сүйенсек, Шешенстанға жасалған дрондық шабуылдарды қайтару үшін қолданылған «Панцирь» ЗРК-сы Embraer 190 ұшағына зақым келтірген болуы ықтимал.
«Шешенстанға бағытталған таңғы дрон шабуылдарын қайтару кезінде зениттік кешендер іске қосылған. Дәл сол уақытта Azerbaijan Airlines ұшағы төтенше жағдайға тап болды» делінген хабарламада.
Аман қалған жолаушылар да жарылыс дыбыстары туралы айтты. «Ұшақ үш рет қонуға тырысты, үшіншісінде жарылыс болды», – деді жолаушылардың бірі. Басқа жолаушының айтуынша, ұшақтың артқы жағы мен қанаттары зақымданған. «Құтқару жилетінде сынықтан тесік пайда болды», – деп атап өтті ол.
MH17 ұшағымен ұқсастықтар
Әлеуметтік желілерде Актаудағы ұшақ апаты мен 2014 жылы құлаған малайзиялық Boeing MH17 ұшағы арасында ұқсастықтар бар екені талқылануда.
Первое видео: повреждения на обшивке разбившегося сегодня в Актау азербайджанского самолёта.
— Проф. Преображенский (@prof_preobr) December 25, 2024
Второе видео: повреждения на обшивке сбитого российского ракетой малайзийского самолёта MH17. pic.twitter.com/vDkqA39AFv
«Ақтау ұшағының фюзеляжындағы белгілер MH17-нің зымыраннан зақым алған белгілерге ұқсас» деп жазды қолданушылар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық