Ақтауда әкімнің орынбасары қоғамдық тыңдауға 100 шелек су әкелді
Маңғыстау облыстық әкімдігі мен «МАЭК» ЖШС өкілдері ауыз су тарифтерін көтеруге байланысты қоғамдық тыңдаулар өткізді. Шараның «қызығы» жиынға 100 шелек су әкелген облыс әкімінің бірінші орынбасарының әрекеті болды, деп хабарлайды lada.kz.
Осы әрекетімен Жұмабай Қарағаев біз ойланбастан ысырап ететін бір текше метр судың қанша болатынын көрсетуді жөн деп шешкен.
«Біз еш ойланбастан 498-500 теңгеге газсыз ауыз су сатып аламыз. Мұнда 100 шелек бар,бұл бір текше метр су деген сөз. Осындай 60 шелек суды MAEK қуатымен 1 секундта шығара алады. Орташа талап етілетін тариф 398 теңге деп айтып жатырмыз. Мен жай ғана дәделді түрде көрсеткім келді, сонда ғана осы көлемнің қандай болатынын көз алдарыңызға елестетесіздер. Біз бұл «текше метрге» өте субъективті түрде жақындай бастадық. Ұтымдылыққа, объективтілікке шақырамын», – деді Жұмабай Қарағаев.
Ол қазір жергілікті билік тарапынан су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Жиналғандардың: «шелектер МАЭК-тікі ме?» деген сұрағына Қарағаев «олар тарифке кірмейді деп» әзілдеп жауап берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары атап өткендей, ыдыстар дүкеннен уақытша алынған.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін меморандумға қол қойылуымен құттықтады
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
- АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік меморандумының ресми жобасы жарияланды
- Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты