Ақтау қалалық сотының экс-төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға сотталды
Фото: sud.kz
Маңғыстауда қалалық сотының бұрынғы басшысы Бауыржан Шайдуллинге сот үкімі шықты. Ол пара беру және алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушы сот үкімін 20 млн-ға жеңілдетуге уәде берген. Салдарынан өзі темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Сот 4 айға созылды. Іс Шайдуллиннің өзі жұмыс істеген Ақтау қалалық сотында қаралуы керек болған.
Алайда, осы іс бойынша тағайындалған судья Гүлмаржан Әділсұлтан қызмет атқарудан бас тартты. Бұған себеп – Шайдуллинмен оның отбасының достық қарым-қатынасы. Осы жағдайдан кейін сот ісі Мұнайлы аудандық сотына жіберілді.
Бүгін Шайдуллинге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, оның серіктесі әрі сот орындаушысы Ринат Жанахметовке 8 жыл берілді. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне 16 миллион теңге тәркіленді.
Сотталушылардан қомақты қаражат талап еткен азаматтық талап-арызды сот қараусыз қалдырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрғазы Әбдіқанов Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді